Айт шәйі берілді
Қасиетті Оразадан кейін келетін Айт мерекесі — ең ізгі мерекелердің бірі. Бір-бірін құттықтаған адамдар осы күні үй аралап, көрші қолаңға тілектерін жолдайды.
Мешіттерде мерекелік шаралармен бірге, дастархан да жайылады. Науан хазірет мешітінде шәкірттерге айт шәйі берілді. Уағыз айтылып, қызықты ойындар ойналды. Жастар ерекше әсер алып тарқасты.
Осы мерекелік дастарханда Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит Ораза айтпен құттықтап, қасиетті Рамазан айы бойы жұртқа ас жасап, оның дәмін келтіріп, пісіріп, қызметкерлерге алғыс айтып, оларға Алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстады. Бұл жолы Ораза айындағы ауызашарларға және мешіттегі әртүрлі қызмет көрсететін сексеннен аса адамға құрмет көрсетілді.