Бурабай кентінде аудан имамдарының жиыны өтті

Бурабай кентінде Ақмола облысы аудан имамдарының жиыны өтті. Жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген негізгі бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы сараланды.

Кездесуде мешіттердің ресми тіркелу мәселесі, жас мамандарды діни қызметке тарту және жұмысқа орналастыру, мешіттердегі діни-ағартушылық жұмыстарды жүйелеу сынды маңызды мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар аудан имамдарына жүктелген міндеттердің орындалу барысы қаралып, алдағы кезеңге арналған жұмыстар пысықталды. Жиын барысында имамдардың қызмет сапасын арттыру, мешіт жұмыстарын жандандыру және ҚМДБ бағыттарын жергілікті жерде тиімді жүзеге асыруға басымдық берілді.

Вам может также понравиться...