Министр мешітте болды
Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде Көкшетау қаласындағы «Науан хазірет» атындағы мешітте де болды. Имани орталықты аралап, мешіттегі құнды жәдігерлермен танысты. Қазіргі діни татулық жайын әңгіме өзегіне айналдырды.
Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит өңірдегі мұсылман діні жайлы ақпарат берді. Мешіттің жұмыс істеу бағыттары жайлы өз ойын ортаға салды. Өз кезегінде министр Дархан Қыдырәлі имани сананы қалыптастыру, ұлттық болмыс бітімімізге сай тәрбиелік жұмыстар жүргізу маңызды екенін атап көрсетті.
Кездесу соңында мешітке өзінің арнайы сыйлығын табыс етті.