Президент кеңесшісі мешітте болды
Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Науан хазірет мешітінде дін қызметкерлерімен кездесті. Онда бүгінгі таңдағы діни ахуал жайлы әңгіме қозғады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінен пікірлер келтіріп, ұлт болмысын қалыптастыру, мемлекетшілдік құндылықтар туралы кеңінен ой айтты.
Жаңа Қазақстан идеясын қалыптастыру мәселесінде ел азаматтары бір кісідей ортақ мүддеге топтасудың маңызды екеніне де тоқталып өтті. Осы кездесуде облыс әкімінің орынбасары Ернар Серікбайұлы Жаркешов те болды. Жергілікті дін қызметкерлері Президент Аппараты өкілінің сөзінен ой түйіп, тарқасты.