“С” санаттағы діни қызметкерлерінің емтиханы өтті
Ақмола облысы Целиноград ауданындағы “Жібек жолы” Құран жаттау орталығында Аршалы, Целиноград, Шортанды, Қорғалжын, Қосшы және Ерейментау аудандарынан келген “С” санатындағы діни қызметкерлердің емтиханы өтті. Сынаққа 43 ауыл имамы қатысып, олардың 41-і сәтті тапсырып шықты. Емтиханнан өткен имамдарға арнайы нөмірленген сертификаттар табысталды.
Емтиханды Қосшы ауданының бас имамы Керумбаев Төлеген мен “Жібек жолы” Құран жаттау орталығының директоры Баусариев Дастан қабылдады. Сондай-ақ, шара барысында имамдарға шариғат пәтуаларын дұрыс беру және Құранды тәджуид ережелеріне сай оқу жайлы насихат айтылды.