Зират қорымдағы тазалық шарасы

Көктемнің жаймашуақ шағы да бастау алды. Қыс бойы қар басқан аумақ көң-қоқыстан тазартылған емес. Қар суы еріп, жолдар ағын судың жыраларына айналды.
“Қамқор Шапағат” серіктестігінің директоры Ербол Мурзатаев өзінің сөзінде Көкшетау қаласының іргесіндегі мұсылмандар қорымына жүргізілген тазалық шарасы жайлы айтты.
Расында, көктем айында зират аумағы борпылдақ батпаққа айналып, адам жерлеуге де қиындық келтірді.
Осы тазалық шарасы аясында судың ағынына айналған жолдарға қиыршық тас төселіп, тегістелді.
Қалдық заттар мен көң-қоқыстан да арылып, қаншама жүк көлігімен сыртқа апарып төгілді.
Зират- қасиетті орын. Адамның бақи өмірге аттанып, мәңгілік тағат табатын жері. Сондықтан жыл бойы қорым маңын таза ұстау мұсылмандықтың да белгісі.






