Ақмола облысында халал стандарттары бойынша айлық аудит жүргізілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал бағыты бойынша Ақмола облысындағы жауапты өкілі тарапынан өңір кәсіпорындарында жоспарлы айлық аудит жұмыстары жүргізілді.

Аталған бақылау шаралары аясында Макинск құс фабрикасы мен Щучинск қаласындағы бірқатар кәсіпорындардың өндірістік процестері тексеріліп, халал талаптарының сақталу деңгейі сараланды. Аудит барысында шикізаттың тазалығы, өндіріс барысындағы талаптардың орындалуы және дайын өнімнің халал стандарттарына сәйкестігі назарға алынды.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қажетті ұсыныстар берілді.

Мұндай тұрақты бақылау шаралары тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасын арттырып, халал талаптарының толыққанды сақталуына оң ықпал етеді.

Вам может также понравиться...