«Пәтуа берудің тәртібі мен әдебі» атты семинар өтті

Шариғат және пәтуа бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Пәтуа берудің тәртібі мен әдебі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Аталған жиында бөлім маманы имамдарға қазіргі таңда өзекті болып отырған пәтуалармен таныстырып, пәтуа берудің шариғи тәртібі мен әдебін жан-жақты түсіндірді.
Семинар барысында пәтуа айтудағы жауапкершілік, дәлелге сүйену, және халыққа дұрыс бағыт беру мәселелері кеңінен қозғалды. Сондай-ақ, пәтуа беру кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарған 1-5 томдық «Пәтуалар жинағы» еңбегіне сүйену қажеттігі ерекше атап өтілді.
Бұл семинар имамдардың білімін жетілдіріп, діни сұрақтарға сауатты әрі жауапты түрде жауап беру дағдыларын нығайтуға бағытталған маңызды шара болды.






