Білімді имам — жамағат тірегі
Еліміздің Бас мүфтияты имамдар білімін арттыруға көп көңіл бөледі. Білімсіз имамның кемшілікке де орын беретіні бар. Ал, білімді имам жамағаттың да тірегі саналады.
Міне, Ақмола облысының аудан-қала имамдарына Науан хазірет мешітінің наиб имамдары Ұлан Шәріпов пен Серік Халықов “Рамазан пәтуәлары”, “Құран тәжуид ережелері” және азан, қамад бойынша дәріс жүргізіліп, артынан емтихан алынды.
Осылай дін қызметкерлерінің сынақтағы кем-кетіктері, олқы түскен тұстары түсіндірілді.