Ораза айының мәселелері пысықталды
Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбиттің төрағалығымен өткен жиналысқа барлық аудан-қала имамдары, дін ұстаздары қатысты. Күн тәртібінде алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық мәселесі қаралды.
Бұл мұсылман үшін ерекше ғибадат айы. Барша жамағаттың осы айды тағылымды өткізуіне жергілікті мешіттер жәрдемдесуі керек. Мешіттерде өтетін тарауық және басқа шараларды жан-жақты ұйымдастырып, өткізу аса маңызды.
Міне, бас имам өңірлерден келген дін қызметкерлерінің назарын осыған аударды. Әсіресе, өткізілетін іс-шаралар жоспарын талқылап, пысықтады. Әр аудан-қала имамдарына тапсырмалар берілді.