Красный Яр кентінде Шойымбек Әбілкәрімұлы мешітінде Мәуліт өтті

Красный Яр кентіндегі Шойымбек Әбілкәрімұлы мешітінде Мәуліт мерекесі кеңінен аталып өтті. Шара аясында Мәуліт жыры оқылып, жамағат Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірі мен өнегесі жайлы тағылымды мәліметтер алды.

Алдымен 15 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында бөлек-бөлек сұрақ-жауап сайыстары ұйымдастырылып, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Дәл осындай рухани жарыс ауыл қариялары арасында да өтті.

Мерекелік дастарханға Пайғамбарымыздың сүйіп жеген тағамдары – арпа наны, асқабақ, қарбыз, жүзім, құрма, бал шырыны, жауырын еті және басқа да дәмдер қойылған 10 үстел әзірленді.

Сондай-ақ мешіт ауласында балалар мен ересектер арасында садақ атудан жарыс ұйымдастырылып, жасөспірімдер асық ойынында бақ сынады. Пайғамбар өмірбаянына қатысты сұрақ-жауап барысында тағы да ақшалай сыйлықтар үлестірілді.

Бұл игі шара жамағатқа Мәуліттің мәні мен маңызын сезіндіріп, қоғамда бірлік пен имандылықты арттыруға ықпал етті.

Вам может также понравиться...