Ақмола облысында аудан бас имамдарының тоқсандық жиыны өтті

Ақмола облысына қарасты аудан бас имамдарының кезекті тоқсандық жиналысы ұйымдастырылды. Жиын барысында Ақмола облысының өкіл имамы Қуаныш Жұмабайұлы жыл басынан бері атқарылып келе жатқан жұмыстардың орындалу барысын саралап, алдағы кезеңге нақты міндеттер мен бағыт-бағдарлар айқындап берді.

Кездесу аясында аудан бас имамдары өз өңірлеріндегі діни ахуалмен бөлісіп, атқарылған жұмыстарды ортаға салды. Сонымен қатар, өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Жиын өзара тәжірибе алмасып, бірлескен жұмысты жандандыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Вам может также понравиться...