Жат ағымның зардабы көп
Ақмола облысының дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» ұйымдастыруымен имамдарға арналған басқосу өтті. Оған аталған орталықтың басшысы Болат Нығметжанұлы және дін істері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Асыл Сағитұлы әр деңгейдегі мешіттердің бас имамдарымен кездесіп, насихаттық-ақпарат шарасы туралы айтты. Онда қоғамды толғандырған діни ағымдар жайы сөз болды. Адасуға ұрынған адамдарды дәстүрлі дінге қайтару жұмыстарын жандандыру басты міндеттің бірі екені айтылды.
Әрине, бұл оңай шаруа емес. Қыры мен сыры көп мәселе екені де анық. Имамдардың сауатты жұмыстары арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Жиынды қорытындылаған облыс имамы Қуаныш қажы Сәбит алдағы міндеттерді орындау маңызды екенін тілге тиек етті.