Ақмола имамдары арасында футболдан жарыс өтті

 

Биылғы «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында көп іс-шаралар өтті. Ізгі қоғамды насихаттау кеңінен өріс алды. Осындай насихат жұмыстары аясында Қосшы қаласында облыстың дін қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттау үшін шағын футболдан ашық турнир ұйымдастырды. Алты командаға бөлінген имамдар өзара тартысты ойындар өткізді. Олар шариғат та айтып,  доп та ойнай алатынын көрсетті. Сөйтіп,  нәтижесінде «Ақмол»  командасы жеңімпаз деп танылды. Осылай бір сергіген имамдар өздерінің діни насихат жұмыстарына жақсы көңіл күйде кіріспек. Ең бастысы,  қоғамдағы ұлтішілік және дінішілік ынтымақты жарастыру. Бөлінген ел алысқа ұзамайды.

Вам может также понравиться...