Сертификат табыс етілді
Адал өнімге деген халықтың сұранысы аптып келеді. Табиғи таза өнім тұтынуға құлшыныс та жоғары. Тұтынушының осы сұранысын қамтамасыз ету үшін өндіруші сала қоспасыз өнім шығаруға ниеттенеді.
Науан хазірет мешітінде Жұма намазында «Халал дамудың» Ақмола облысы бойынша өкілі Науан Мұталұлы жеке кәсіпкер Ж.Мүкеевке «Zhibek» жартылай дайын өнімдері үшін «Халал» сертификатын табыс етті.