Мүгедек жандарға қамқорлық көрсетілді
Қасиетті Рамазан айында ізгілік пен қайырымдылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Науан хазірет мешіті «Зекет және қайырымдылық» қорымен бірлесіп, «Доброе сердце» қорына азық-түлікпен, жеміс-жидекпен көмек көрсетті. Кілем бұйымдары да тарту етілді.
Бұл қор мүгедек жандарға қызмет көрсетеді. Әртүрлі тағдыр тәлкегіне түскен жандарға, тағдырдың қиындығына ұшыраған адамдарға пана болып, өз қамқорлығына алған. Алда осындай көмек түрлері басқа да ұйымдарға көрсетілмек.