ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылдың 1 қарашасында Қосшы қаласындағы «Ондыбай ата» мешітінде Жұбанұлы Ондыбай атаның рухына бағышталған облыстық Құран жарысы өтті.

Рухани шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Ақмола облысы Қосшы қаласы «әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен, сектордың 10 жылдық мерейтойына орай өткізілді.

Ізгілік пен руханиятты ұлықтаған шара қасиетті Құран Кәрім аяттарымен бастау алды. Жиынның алғашқы құттықтау сөзі Қосшы қалалық «Бөгенбай батыр» мешітінің бас имамы Керімбаев Төлеген Арғынбайұлына беріліп, ол жиналған қауымға ақжарма тілегін арнап, Құран жолындағы осындай игі бастамалардың маңыздылығына тоқталды.

Жарысқа Ақмола облысының әр өңірінен келген шәкірттер қатысып, Құран Кәрімді жатқа оқу және тәжуид ережелерін сақтау бойынша бақ сынады.

Жарыстың әділ әрі жоғары деңгейде өтуіне әділқазылар алқасы төрелік етті. Олар қатысушыларға сәттілік тілеп, өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелеріне сүйене отырып, әділ бағаларын берді.

Әділқазылар алқасы:

* Нұр-Сұлтан мешітінің ұстазы — Айтжан Фарида Маратқызы;
* Ақмола облысы «әйел-қыздар» секторының жетекшісі — Өмірбек Гүлнара Жұмабайқызы.

«Нәс–Дұха» номинациясы бойынша:

🥇 1-орын — Мирзаханова Алтынай — 60 000 теңге.

🥈 2-орын — Әлия Нұржанқызы — 50 000 теңге.

🥉 3-орын — Бекова Жарадат — 40 000 теңге.

«Нәс–Нәбә» номинациясы бойынша:

🥇 1-орын — Жамшитова Айжан — 100 000 теңге.

🥈 2-орын — Аманхан Хадиша — 80 000 теңге.

🥉 3-орын — Есеналиева Алтынай — 60 000 теңге.

Жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен және арнайы сертификаттармен марапатталды. Барлық қатысушы шәкірттерге естелік сыйлықтар табысталып, белсенділік танытқан қатысушылар да арнайы марапаттарға ие болды. Сондай-ақ шәкірт тәрбиелеп, Құран ілімінің таралуына үлес қосып жүрген ұстаздарға құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар берілді.
Шараның қорытындысында барша қонақтар мен қатысушыларға арнап дастархан жайылып, ас берілді. Бұл басқосу тек жарыс қана емес, Құранға деген сүйіспеншілікті арттырып, ұстаздар мен шәкірттердің басын қосқан тағылымды рухани жүздесу болды.

Осы игі шараның өтуіне қолдау көрсеткен Ақмола облысы басшылығына, мешіт басшылығына, барша демеушілерге, ұстаздарға, әділқазыларға және ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан әрбір жанға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Алла Тағала жасаған жақсылықтарыңызды қабыл етіп, берген садақаларыңызға еселеп сауап жазсын! Құран жолындағы еңбектеріңізге береке беріп, қасиетті Кітапты жүрегіне серік еткен шәкірттеріміздің қатары арта берсін!

Вам может также понравиться...