«Заң мен тәртіпті нығайтудағы қоғамның бірлігі» тақырыбында конференция өтті

2026 жылдың 20 шілдесінде «Қоғамдық келісім» КММ-де «Заң мен тәртіпті нығайтудағы қоғамның бірлігі» тақырыбында конференция өтті.
Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер мен Көкшетау қаласы мешіттерінің өкілдері қатысты.
Конференцияда Ақмола облысы Дін істері басқармасының басшысы Болат Негметжанұлы Қасенов, Ақмола облысы Прокуратура басқармасының прокуроры Тамерлан Амангелдіұлы Смайылов, Ақмола облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уәкілетті имамы, «Науан Хазірет» Ақмола облыстық мешітінің бас имамы Сәбит Қуаныш Жұмабайұлы сөз сөйледі.
Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, талқылау жүргізді. Елдегі заңдылық пен тәртіпті нығайтудағы діни бірлестіктердің рөліне, әділетті Қазақстанды құрудағы дәстүрлі құндылықтардың маңыздылығына, сондай-ақ жаңа Конституция мен Құрылтайға сайлаудың халқымыз үшін мәніне ерекше назар аударылды.
Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының сенімді болашағын болуын қамтамасыз етудің негізгі мемлекеттік қағидаттары ретінде заңдылық пен тәртіпті нығайту, ұлттық мәдениетті дамыту және қоғамдық келісімді сақтау қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.













