Әкенің орны бір бөлек…
Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның бір хадисінде анаға ерекше ізгілік көрсету жайлы айтылады. Бірақ, бұдан әкенің орны ойсырап тұр деген сөз емес. Отбасының иесі – әкенің де жанұя тәрбиесіндегі орны аса маңызды дер едік.
«Қоғамдық келісім» үйінде өткен «Әке – отбасының тірегі» атты сұқбаттасу кездесуінде осы тақырып қаузалды. Ақмола облысының әкелелр одағының төрағасы Ерлан Зәкірянов кіріспе сөзбен ашып, кездесудің тағылымы жайлы айтты. Одан кейін сөз алған Мүфтияттың «Ізгі қоғам» бөлімінің Ақмола облысы бойынша өкілі, Науан хазірет мешітінің ұстазы Сәкен Бағдатұлы ұлттық құндылықтар мен шариғат дәстүрлерінің біте қайнасқанын әңгіме өзегіне айналдырды.
Одан әрі шара қатысушылары өзара пікір алмасты. Ойларымен бөлісті, ұсыныстар айтты. Соңынан әкелер одағының марапаттары табыс етілді.