АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Ақмола облыстық Науан Хазірет мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының құрылғанына 10 жыл толуына орай облыстық жиын өтті.

Басқосуға Ақмола облысының аудандарынан келген Әйел-қыздар секторының жауапты мамандары қатысты. Жиын барысында аудандық жауаптылар жылдық жұмыс қорытындыларын баяндап, атқарылған іс-шаралар бойынша есеп берді. Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланып, діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Кездесу барысында Ақмола облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жауапты ұстазы Гүлнара Өмірбек жамағатпен тиімді жұмыс жүргізу әдістері мен діни дәрістер өткізудің заманауи тәсілдері жөнінде тәжірибесімен бөлісті.

Жиынның келесі бөлімінде Ақмола облысының бас имамы Серік қажы Ергебекұлы ұстаздарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтады. Сондай-ақ өңірдегі діни-ағартушылық жұмыстардың дамуына үлес қосып жүрген ұстаздарға арнайы Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Жиын соңында қатысушыларға арнайы дастархан жайылып, ұстаздарға құрмет көрсетілді. Басқосу өзара тәжірибе алмасып, алдағы жұмыстарды жүйелеуге және ортақ мақсат-міндеттерді айқындауға мүмкіндік берді.

Вам может также понравиться...