КӨКШЕТАУДА ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН ХАЛАЛ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған ҚМДБ-ның халал бағыты бойынша семинар-тренинг өтті.

Іс-шара барысында Ақмола облысының бас имамы Серік қажы Ергебекұлы сөз сөйлеп, мұсылман өміріндегі адал астың маңызына тоқталды. Сондай-ақ халал тағам тұтынудың тек діни талап қана емес, адам денсаулығы мен рухани тазалығына да тікелей қатысы бар екенін атап өтті.

Семинарға «Халал Даму» ұйымының маманы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы және Ақмола облысындағы жергілікті өкіл Науан Муталов қатысып, халал саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында күнделікті тұтынатын заманауи тағам өнімдерінің құрамын тексеру, өнім қаптамасындағы ақпаратты дұрыс оқу, тағам құрамындағы күмәнді қоспаларды ажырату және халал сертификатының маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Тағылымды басқосу жамағаттың халал тағам жөніндегі сауаттылығын арттырып, күнделікті өмірде адал ас тұтыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Вам может также понравиться...