АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ХАЛАЛ НЫСАНДАРДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ақмола облысында «Халал Даму» ұйымының маманы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы үш күндік жұмыс сапарымен болып, өңірдегі халал сертификатын алған бірқатар кәсіпорындар мен қоғамдық тамақтану орындарында жоспарлы аудит жұмыстарын жүргізді.

Аудит жұмыстарына «Халал Даму» ұйымының маманы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы және Ақмола облысындағы жергілікті өкіл Науан Муталов қатысты.

Тексеру барысында кәсіпорындардағы өндірістік үдерістер, қолданылатын шикізат пен азық-түлік өнімдерінің құрамы, сақтау талаптары және халал стандарттарына сәйкестігі назарға алынды.

Мұндай жоспарлы аудит жұмыстары халал талаптарының тұрақты сақталуын бақылауға, тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетейік, «Халал Даму» ұйымы сертификатталған кәсіпорындарда тұрақты түрде мониторинг және бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді.

Вам может также понравиться...