Имамдар біліктілігін арттырды
Қосшы қаласында аудан-қала имамдары мен ауыл молдаларының біліктілігін көтеруге арналған семинар болып өтті. Науан хазірет мешітінің наиб имамы Әділбек Нұржауар пәтуә беру әдебі жөнінде дәріс оқыды. Діни рәсімдерді жүргізу мәселесі жөнінде ой бөлісті.
Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит өз сөзінде биылғы ізгі қоғам құру жылын лайықты өткіз мәселесін тағы бір рет еске салды. Жыл қорытындысын өз деңгейінде өткізу жайы да айтылды. Бұл әр деңгейдегі мешіт имамдарына жүктелер жауапкершілік екені тілге тиек етілді.
Діни-ағарту жайында да әңгіме қозғалды. Кадрлар дайындау, білім алып жатқан студенттерді қамқорлыққа алу күн тәртібінен түспеуі керек деді.