Мәуліттің құрметіне арналды

Ақмола облысының «Әйел-қыздар секторы» қыз-келіншектерге арнап  «Адамзаттың кемеңгері» атты мәуліт кешін өткізді. Кеш Алланың кәләмі және  пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтумен бастау алды. Қазақтың дәстүрімен шашу шашылды.

Кеште Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері «Ай, мұсылман жарандар!» және тағы басқа жырларды жатқа оқыды. Ал, мешіт шәкірттері ғибратты көрініс қойып, көптің көңілінен шықты. Қызықты ойындарға ұласып, кештің көрігі қызды.

Жақия мешітінің ұстазы Гүлнәр Өмітбек  және Науан хазірет мешітінің ұстазы Әйгерім Мұрат ұлық пайғамбарымыз туралы уағыз айтты. Кеш соңында Құранға түскен шәкірттерге Құран кітаптары мен сертификаттар табыс етілді.

Кеш Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің  ұстазы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Элмира Төлебаеваның «Ата-ананың қадірі» термесімен түйінделді.

 

 

Вам может также понравиться...