Дәстүр дәріптеліп, өнеге етілді
Қосшы қаласында “Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында “Бөгенбай батыр ” мешітінің ұйымдастыруымен Ақмола облыс бойынша әйел- қыздар арасында «Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед” кітап мазмұны бойынша сира сайысы өткізілді. Алланың соңғы Елшісінің тұлғасы — бұл әрбір мұсылманның ақиқаты жолды ұстануын жарықтандырып тұратын шамшырақ. Бұл адам бойына ең жақсы адами қасиеттерді сіңірген, ол оның өмірі- фәни дүниеде бізді бізді игі істерге шабыттандыратын тамаша әрекеттер кезегі. Әрбір мұсылман оның өмірін оқып-үйренуі және оның өнегесін ұстануы қажет. Бұл оның өмірінің алғашқы күнінен бастап соңына дейінгі өмірбаянын білу және балаларымызды адамдардың ең көркемінің өнегесімен тәрбиелеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Іс-шараны Қосшы қаласындағы “Бөгенбай батыр” мешітінің Бас имамы Төлеген Арғынбайұлы ашып, жиналған жамағатқа Пайғамбарымыздың өмірін білудің құндылықтары мен маңыздылығы туралы насихат айтып, пайдасын түсіндірді.
Сайысқа 80 әйел-қыздар қатысып бақ сынасты. Сайыс тест түрінде өткізілді.
Қиын да тартысты өткен сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
Қосшы қалалық “Бөгенбай батыр” мешіт шәкірті Мадина Садыққа бас жүлде — Ұмра қажылығына жолдама берілсе,
1 орынға Қосшы қалалық “Бөгенбай батыр” мешіт шәкірті Гүлназия Ерматова, 2 орынға Көкшетау қаласы “ Науан хазірет” мешіт шәкірті Гүлрайхан Оспанова, 3 орынға Аршалы ауданы “Нұралы би” мешіті Айгүл Назарқұлова лайық деп табылды.
Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыға арнайы сыйлықтармен ынталандырылды. Бұл шараның маңызды нәтижесі — жастарға және барша буын өкілдеріне Пайғамбарымыздың өмірін білу маңыздылығын ұғындыру болды.