Көне мешіттің макеті табыс етілді
Көкшетаудың діни қайраткері, ғұлама ғалым Науан хазіреттің ең алғаш діни білім алған Жылкелді мешітінің макеті өз атындағы мешітке табыс етілді. Көне мешіттің макетін Берденбек Мұстафа және Бекзат Бексұлтан жасаған. Ағаштан өріліп жасалған мешіттен өткен ғасырдағы қазақ ауылының көрінісі келеді. Қазақтың зиялылары білім алған осындай киелі мекендер әр өңірде болғаны тарихтан да белгілі.
Әлиевтер әулеті осы Науан хазіретпен аталас болып келеді. Науан хазірет бабамыз білім алған мешітті сыйға тартқан да осы әулеттің ұрпақтары.
Осы шараға арнайы, Құран оқылып, дұға жасалды. Өз кезегінде облыстың бас имамы Қуаныш қажы Сәбит Әлиевтер әулетіне өз атынан және жамағат атынан алғысын айтты.