Ақмола облысының ұстазы «Дала үні – Домбыра» атты І Республикалық өнер фестиваліне қатысты

Астана қаласында еліміздегі түрлі діни бірлестік өкілдері арасында «Дала үні – Домбыра» атты І республикалық өнер фестивалі өтті. Ұлттық домбыра күніне орайластырылған бұл ауқымды шара Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

Еліміздің рухани-мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналған өнер байқауы ұлттық өнерді насихаттауды, дәстүрлі мұраны жаңғыртуды және дін қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін арттыруды мақсат етті.

Аталған шараға Қазақстанның әр өңірінен дін қызметкерлері қатысып, Ақмола өңірі  атынан  Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешітінің ұстазы Акаев Арлан қатысып өнер көрсетті. Байқауда Қапез Байғабылұлының Қоштасу әнін орындады. Бұндай шаралар ҚМДБ, Дін мен дәстүр бағыты бойынша жұмыстарының көрінісі.

Вам может также понравиться...