Түзету мекемесінде ауызашар берілді
Рамазан айында мешіттерде ауызашарлар беріліп, қайырымдылық көмектер көптеп көрсетілуде. Аршалы ауданында «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Мақсатбек Қайырғалиев «Рамазан сыйы» акциясы аясында 20 отбасыға қайырымдылық қоржындарын таратты.
Осы күні жергілікті түзету мекемесінде болып бас бостандығынан айрылғандарға ауызашар дастарханын жайды. Оларға құран оқып, уағыз айтты.