Науан хазірет мешітінде мұқтаж жандарға «Рамазан сыйы» табысталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұйымдастырылған «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны аясында Ақмола облысы Науан хазірет мешітінде мұқтаж және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.
Аталған қайырымдылық шарасының Ақмола облысында ұйымдастырылуына облыстың бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы және ҚМДБ-ның Зекет және қайырымдылық бөлімінің Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі Науан Муталов ұйытқы болды.
Айта кетерлігі, бұл республикалық марафон Ақмола облысына қарасты барлық аудан мешіттерінде де жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қайырымдылық көмегін алған мұқтаж жандар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірді.







