Имамдарға семинар .
Көкшетау құран жаттау орталығында Ақмола облысы имамдарына арналған екі күндік семинар болып өтті. Онда дін қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мақсат етілді. Көкшетау қаласының білім мекемелері тарихшылары бірлестігінің жетекшісі, тарих ғылымдарының магистрі Әбілқадыров Арман «Қазақ тарихындағы мұсылманшылық» тақырыбында лекция оқыды. Тарихи деректерге сүйеніп, қазақ даласындағы мұсылманшылықтың келуі, таралуы және бабаларымыздың дәстүрлі көз қарастарының қалыптасуын баяндады.
Семинар барысында Науан хазірет мешітінің наиб имамы Рысбек Дабаров «Уағыз айту әдістемесі» және «Уағыз айтудың тәртіптік ережесі» тақырыптарында және Науан хазірет мешітінің наиб имамы Улан Шарипов «Заманауи фиқһ ерекшеліктері» және «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі» бағыттары бойынша лекция оқыды. Дін қызметкері жат ағым өкілдерімен жемісті жұмыс жасауы үшін біріншіден өзінің біліміне және сол білімін жамағатқа дұрыс ұсына алу керек екеніне көңіл бөлу маңызы туралы айтылды.
Семинардың екінші күні Көкшетау қаласының білім мекемелері тарихшылары бірлестігінің жетекшісі, тарих ғылымдарының магистрі Әбілқадыров Арман «Ақмола өңірінен шыққан дін қайраткерлері және олардың қоғамдық қызметі» дәріс оқыды. Өз баяндамасында Ақмола өңірінен шыққан дін қайраткерлерінің жат ағыммен, дәстүрлі діни сенімге қарсы топтармен күресу жолдарын және еңбектерін атап өтті
Шара соңында барша қатысушыларға Ақмола облысы ДІБ басшысы Болат Нығметжанұлы Касенов, Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы және КҚТО – ның басшысы Нұркен Найзабекұлы Тилеубаев арнайы сертификаттар табыс етті