Имамдарға арналған семинар
Науан хазірет мешітінде Ақмола облысы имамдарына арналған екі күндік семинар болып өтті. Онда дін қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мақсат етілді. Барша имамдар алдында Науан хазірет мешітінің наиб имамы Ұлан Шәріпов «Дін және дәстүр құндылығы» және «Пәтуа берудің әдебі» бағыттары бойынша лекция оқыды. Өз баяндамасында уақыт талабына сай діни және ұлттық дәстүрлерді біте қайнастырып, насихаттаудың жолдарын көрсетті.
Құран ілімдері және Ихсан – рухани тәрбие негізі жөнінде дәріс оқыған ұстаз Алтынбек Өміртаев Алланың кәләм даналықтарын тілге тиек етті. Одан әрі елордадан келген белгілі психолог, профессор Лола Шакимова дәстүрлі діннен алшақтаған тұлғалардың адасушылық белгілері туралы жан-жақты айтып берді.
Ал, ұстаз Кенжебай Дабар құран оқу барысында имамдардың жіберетін қателіктері туралы жәнеқұранда кезесетін тәджуид ережелері туралы дәріс оқыды.
Семинардың екінші күні Мүфтияттан діни оңалту бөлімі меңгерушісінің м.а Данияр Кенжалин дәріс оқыды. Жастар арасында діни насихат жүргізудің мәселесіне тереңірек тоқталды. Шара соңында барша имамдарға Ақмола облысының бас иммы Қуаныш қажы Жұмабайұлы арнайы сертификаттар табыс етілді.