Қайырымдылық – бірліктің бастауы
Осы тақырыпта Науан хазірет мешітінде жұма уағызын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни оңалту бөлімі меңгерушісінің м.а Данияр Кенжалин оқыды. Ол дініміздегі және ұлттық дәстүріміздегі жаны жабырқағанға қол ұшын берудің тағылымы жайлы айтты. Мұқтаж адамға көмек көрсету – ізгіліктің белгісі, бірліктің бастауы. Бүгінгідей елді топан субасқан тұста жапа шеккендерге қайырымдылық қолын созғандар өте көп. Біреу қиындыққа кезігіп жатқанда, жайбарақат отыру қазақы болмысымызға да сай емес. Сондықтан еліміздің түпкір-түпкірінде осы іске мұрындық болған ағайынның ауызбіршілігі ерекше айтылуы керек.
Әрине, мешіттер де бұл істен сырт қалған жоқ. Қолдарынан келгенше демеушілердің көмегімен азық-түлік, киім-кешек жинап, мұқтаждарға жөнелтті.
Міне, жұма уағызындағы осы айтылғандар адам басына іс түскенде ғана емес, ұдайы назарда ұсталатыны да жасырын емес. Данияр Кенжалин өз сөзінде қайырымдылықтың ғибраты ерекше екенін жан-жақты жеткізді.