Еріктілер форумы өтті
Мұқтаж адамға қол ұшын беру, жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеу болу бабаларымыздан жалғасқан жақсы дәстүр. Мешіт жанында біреуге көмек қолын созатын ерікті жандар көп. Солардың басы қосылып, тағылымды кездесу өтті. Имамдар мұндай ізгі жандар көбейген сайын қоғамымызда жақсылық атаулы да өркен жаяды. Мешіт ұйымдастырған қайырымдылық кезінде азық-түлікті жеткізіп, тіпті, мұқтаж адамның үйінің қарын күреп, басқа да ізгі істерге ұйытқы болуға осы жамағат арасынан шыққан еріктілер үлес қосады. Мүфтияттан келген өкіл осы жайында айтып берді.