Бас имам аудандар жұмысымен танысты

Ардақтыпайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде: “Дін — насихат” деген еді. Елді иманға үйіру, мейірімділікке үндеу, қайырымдылыққа үзеңгі болу — ғибраты мол іс. Осы тағылым болар істің киелі ошағы — мешіт. Әр өңірдегі мешіттер исламдағы бес парыздың арнасы болғасын имамдарға да дін қызметінде үлкен жауапкершілік жүктейді.

 

Ақмола облысының бас имамы Серік Ергебекұлы жаңа қызметке кіріскесін өңірлерді аралауға ден қойды. Бұл жолы Бурабай, Біржан сал және Бұланды аудандарына сапарға шығып, жергілікті діни жағдаймен етене танысты. Алдымен мешіттердің жай-күйіне назар аударды. Қысқы маусымға дайындығын сұрап, білді.
Ал, жамағатпен кездесу барысында ұрпақ тәрбиесі, имандылық жайы, ұлттық салт дәстүр мәселесі жөнінде пікір алмасты. Бүгінгідей алмағайып заманда елдің бірлігі мен дінішілік татулық аса маңызды екенін баса айтты.

Ел ақсақалдары жаңа бас имамға өздерінің ақ баталарын берді.

Вам может также понравиться...